Жарнама
Жарнама

Раджа Найнгголан «Кальяри» ойыншысы атанды

31.12.2020, 22:16
Футболшы өзінің бұрынғы клубына жалдау шарты бойынша ауысты.
Жарнама
Жарнама

"Интер" клубының жартылай қорғаушысы Раджа Найнгголан маусымның қалған бөлігін "Кальяриде" жалғастырады, деп хабарлады клубтың ресми сайты.

Еске салайық, былтырғы маусымда бельгиялық футболшы "Кальяри" сапында жалдау шарты бойынша ойнаған болатын, сонымен қатар, Найнгголан бұл клуб үшін 2010 - 2014 жылдар аралығында да өнер көрсеткен.

32 жастағы бельгиялықтың "Интермен" келісімшарты 2022 жылы маусымда аяқталады. Осы маусымда Найнгголан А сериясындағы 4 кездесуге қатысып, нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түскен жоқ. Италия чемпионатының барлық матчтарында ол екінші құрамнан шыққан еді. УЕФА Чемпиондар лигасында Раджа бір матчқа қатысты.

Transfermarkt порталы ойыншының құнын 6 миллион еуроға бағалады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров