Жарнама
Жарнама

Рафаэль Бенитес: «Келесі жылы «Челси» бұдан мықты болады»

18.05.2013, 16:59
Жарнама
Жарнама

бенитес

- Біздің командада жаңа ойыншылар қосылғаннан кейін бірден жоғары деңгейде ойнап кете алмады. Бәріне уақыт керек. Ал жанкүйерлер бізден бірден жоғары нәтижені талап етеді. Әрине талап болу керек. Бірақ футбол командалық ойын болғандықтан, ойыншылардың басын біріктіріп, бір-бірін түсінетіндей жағдайға келтіру керек. Мәселен енді-енді ойнап келе жатқан Сесар Аспиликуэта – өз құрамасының ойыншысы. Давид Луис кез келген шепте ойнай алады. Фернандо Торрес болса нағыз пісіп жетілген, ақылы толысқан көреген ойыншы. Ал Оскар, Азар және Маталар күнннен күнге мықты ойнап келеді. Жазғы трансферлік маусым ашылғанда біз тағы да жоғары деңгейдегі ойыншыларды сатып аламыз. Мүмкін маусым аяқталысымен мен бапкерлік қызметтен кеткен жағдайда менің орныма келген жаңа бапкерге оңай боларсы сөзсіз. Өйткені мен сәл де босла «Челсидің» ойын өрнегін бір жүйеге келтірдім.

Бенитес бапкер командадан кететінін іштей сезіп жүрсе керек. Күні кеше ғана ағылшын журналистеріне берген жауабы осы. Қай заманда болмасын, ақсүйектер қосынына мықты деп танылған бапкерлер ғана командамен жұмыс істеп келді. Бірақ клуб менікі екен деп қайта-қайта мамандарды ауыстыра беретін, футболды жеке ойыншығына айналдырған клубтың иесі Абрамович мырза өте беймаза адам. Қаласа алады, ұнамаса қуады. Бірлік жоқ жерде берекенің жоғын сезген Моуриньо кезінде осы клубтан уақытында кетіп қалған болатын. Ал биыл қайтадан «қайтқан малда береке бар» демекші португалдық маман Лондонға қайта келейін деп отыр. Бірақ бұл жолы Абрамович емес, Жозенің өзі клуб иесіне өзінің талаптарын қойған секілді. Демек бапкерге мықты команда жасап шығару үшін уақыттың керек екенін түсінген Роман мырза Жозенің де пікірімен келіскен сыңайлы. Не болса да әліптің артын бағайық.

                                                                                                                                                                                                              Руслан БАҚЫТЖАН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров