Бүгін, 20 қараша, отандық футбол тарихында өзіндік орны бар Рафаэль Уразбахтиннің туған күні, деп хабарлайды Aladop.kz.
1978 жылы дүниеге келген ол кәсіби мансабында шабуылшы позициясында ойнап, Қазақстанның бірқатар клубтарының және Ресейдің “Ростов” командасының жейдесін киген.
Уразбахтиннің кәсіби карьерасы 17 жылға созылды.
1998–2004 жылдары ол Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. Сол кезеңде 12 матч өткізіп, 2 гол соққан.
Мансабын аяқтағаннан кейін Рафаэль өз тәжірибесін бапкерлік жолда жалғастырды. Ең ірі жетістіктерінің бірі – "Қайратты" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығаруы. Бұл – тек Уразбахтин үшін ғана емес бүкіл Қазақ футболы үшін де тарихи жетістік.
Біздің серіктес: FONBET