Жарнама
Жарнама

Рафаэль Уразбахтин: “Арсеналға” қарсы ойын үшін футболшыларды ерекше жігерлендірудің қажеті жоқ”

Бүгін, 15:15

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы "Арсеналға" қарсы кездесу алдында  команданың психологиялық жағдайы мен алдағы ойыннан күтетін үміті туралы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Мотивация мәселесі

Уразбахтиннің айтуынша, мұндай деңгейдегі қарсыласқа қарсы шығу кез келген футболшы үшін үлкен мүмкіндік, сондықтан оларға қосымша жігер берудің қажеті де жоқ:

"Мұндай тамаша кездесу алдында менің шәкірттеріме қосымша мотивацияның қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі, бізде әлемдік деңгейдегі топ клубтармен күш сынасу мүмкіндігі жиі бола бермейді." — деді бапкер.

Команданың ішкі күйі

Бас бапкер футболшылардың бойында толқыныс бар болғанымен, олардың өздерін ұстай білетінін атап өтті:

"Ойыншыларым алаңға шығуға асық, бірақ соған қарамастан сабыр сақтап отыр. Біз ертеңгі матчта барымызды салып, ең үздік ойынымызды көрсетуге тырысамыз."

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров