Жарнама
Жарнама

Рафаэль Уразбахтин: “Басынан-ақ сол деңгейде ойнауымыз керек еді”

27.11.2025, 12:45

"Копенхаген" 3:2 "Қайрат" матчынан кейін Алматылық ұжымның бас бапкері ойын жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Рафаэль Уразбахтин:

"70-минуттан кейін біз бастапқыда ойнағымыз келген футболды көрсете бастадық. Ойын соңын дәл солай аяқтадық — басынан-ақ сол деңгейде ойнауымыз керек еді."

Ол бірінші таймдағы команданың ойынына сын айтты:

"Алғашқы таймда біз өте енжар болдық — жекелей допқа таластардың көбінде ұтылдық. Қарсылас команда допты бақылауда бізден басым болды. Бізде агрессия, құлшыныс, батылдық жетіспеді. Үзілісте жігіттерге осының бәрін айтып, екінші таймда ойынды өзгертуді талап еттік. Әсіресе алаңға жаңа ойыншылар шыққаннан кейін өзгеріс айқын сезілді.” – деді Уразбахтин.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров