Жарнама
Жарнама

Рафаэль Уразбахтин: “Бізге ең бастысы – ойын барысында тұрақтылықты сақтау”

29.09.2025, 14:20

Баспасөз мәслихатында бас бапкер Рафаэль Уразбахтин өткен ойындарға шолу жасап, команда алдында тұрған басты міндеттер туралы айтты.

Жарнама
Жарнама

Бапкер әуелі соңғы кездесулердегі ойын өрнегіне тоқталды:

"Соңғы уақытта біз әр матчқа әртүрлі интервалдарда қарай бастадық. Мысалы, "Селтикке” қарсы ойында алғашқы 30 минут өте ұйымдасқан түрде, жоғары қарқынмен ойнадық. Бірақ ойын соңына қарай бізді қысып, өз қақпамызға қарай ығыстырды. Әсіресе қосымша уақытта қиын болды. Ол матчта шабуыл шебінде ротация жасауға мүмкіндік болмады, соның салдарынан қарсыластың қысымына төтеп беру оңай болған жоқ." – деді ол.

Сонымен қатар, Уразбахтин ойын барысында тұрақтылықтың маңызын атап өтті:

"Ең бастысы – біз ойын бойы тұрақты болуымыз керек. Кейде бізде матч толқынды өтеді – бір кезеңде бәрі жақсы, бір кезеңде қалыпты, ал кейде мүлде ойыннан түсіп қаламыз. Бұл тәжірибенің аздығынан да болуы мүмкін. Бірақ дәл осындай үлкен матчтар арқылы біз өсеміз, күшейеміз.” – деп сенім білдірді бапкер.

Рафаэль Уразбахтин ойыншылардың психологиялық дайындығына да тоқталды:

"Жігіттерге бір нәрсені ғана айтамын – бар күштеріңді салыңдар. Бізді мықты ететін нәрсе – біздің командалық рухымыз. Біз әр минут, әр секунд үшін күресеміз. Ертеңгі матчта жанкүйерлерге нағыз "Қайраттың" кім екенін көрсетеміз.” – деді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров