«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі «Олимпия» Люблянаға қарсы матчты қортындылап, пікірімен бөлісті.
«Бұл жерде оңай болмасын білдік. Алматыда да мүмкіндік 50-де 50 болады деп есептеймін. Барлығы Алматыда шешіледі. «Олимпия» мәселені кейінге қалдырмай бірінші ойында шешуге тырысатынын болжағанбыз. Өз жанкүйерлерінің алдында үлкен қысым жасайтынын да білдік. Бұл ойынға деген матч-жоспарымыз жүзеге асты. Тек сол ойыншы алмастыруда сәл кешігіп қалған шығармыз, әсіресе, сол қапталдағы футболшы қатты шаршап қалған еді. Дайын болдық, түсіндік, қиын ойын болатынын біліп екінші номермен ойнадық. Алайда, ойластырған дүниелерімізді жігіттер шама келгенше іске асыра алды деп есептеймін», - деді Р. Уразбахтин «Vesti.kz» порталына.
Қос клуб арасындағы жауапты кездесу 15-шілдеде Алматыда өтеді. Басым түскені екінші кезеңде «КУПС» - «Милсами» жұбының жеңімпазымен жолығады.
Біздің серіктес: FONBET