Алматылық ұжымның бас бапкері Рафаэль Уразбахтин алдағы кездесуге деген дайындықтың жоғары екенін және шәкірттерінің жеңіске деген жігерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Құрамдағы шығын: Дастан Сәтпаев қатыспайды
Бапкер алдымен жанкүйерлерді мазалаған құрам мәселесіне тоқталды. Өкінішке қарай, команданың маңызды ойыншыларының бірі бұл матчтан тыс қалады.
"Ертеңгі ойында Дастан Сәтпаевты алаңнан көрмейтініміз анық. Ол жарақатына байланысты ем қабылдап жатыр және оқу-жаттығу жиындарында бізбен бірге болған жоқ. Оның тезірек сауығып, қатарға қосылуын асыға күтеміз.” — деді бапкер.
Ойын стилі мен команданың рухы
Уразбахтиннің айтуынша, "Қайрат" қандай Еуропалық алпауытқа қарсы тұрса да, өзінің қалыптасқан ойын мәнерінен бас тартпайды.
Команданың негізгі ойын стильі сақталғанымен, қарсыласқа қарай кейбір тактикалық түзетулер енгізілуі мүмкін.
"Жігіттердің көңіл-күйі өте жақсы. Мұндай деңгейдегі матчтар футболшының мансабында күнде бола бермейді. Сондықтан артық босаңсуға жол жоқ. Бәрі де лайықты нәтиже көрсетуге барынша ынталы.”
Қарсылас туралы: "Брюгге” қалай ойнайды?
Бапкер Бельгиялық клубтың заманауи Еуропалық футболға тән қасиеттерін атап өтті.
"Брюгге" — белсенді прессинг жасауды және допқа иелік етіп, өз ойынын таңуды ұнататын команда. Еуропаның көптеген жетекші ұжымдары осындай мәнерде ойнайды. Олар өте ұйымдасқан, әр қимылы жүйелі қарсылас.” — деп баға берді Уразбахтин.
Біздің серіктес: FONBET