Жарнама
Жарнама

Рафаэль Уразбахтин: Чемпиондар лигасының осы кезеңінде жолды сылтау қылуға болмайды

20.08.2025, 11:39

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің алдында «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жолдың ұзақтығына байланысты өз ойын айтты.

Жарнама
Жарнама

«Иә, 5000 шақырым жолды ұшцп өтуге 11 сағатымыз кетті. Алайда Чемпиондар лигасының осы кезеңіне шыққан соң, жолды сылтау қылуға болмайды. Сол үшін арнайы ерте ұшып келдік. Бүгін, ертеңгі ойынға дейін біршама уақытымыз бар. Сол аралыққа дейін толық қалпымызға келеміз деген сенімдемін», - деді Рафаэль Уразбахтин.

Сондай-ақ, ол стадионның лық толуына байланысты да айтты.

«Селтик» жанкүйерлері өз командасын соңына дейін қолдайтыны сөзсіз. Әрине, оңай болмайды. Бірақ біз өзімізді жақсы қырымыздан көрсетуге тиіспіз. Барлығын ойында көреміз», - деді алматылық клубтың маманы.

Айта кетейік, «Селтик» пен  «Қайрат» арасындағы алғашқы ойын 20-сынан 21-і тамызға қараған түні, Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: