«Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турындағы Италияның «Интеріне» қарсы алдағы матч туралы пікір білдірді.
«Астанамен» өткен ойында эмоция жетіспегенін айқын көрсетті. Біз алғаш рет осындай жағдайға тап болдық. Біз үшін жаңа тәжірибе. Мұндай сәттермен жұмыс істеуді және мүмкіндігінше ұзақ уақыт жақсы эмоционалды күйде болуды үйренуіміз қажет.
Чемпионатта топ жару бізді қосымша жігерлендіреді. «Интер» сияқты қарсыластармен, жалпы Чемпиондар лигасындағы кез келген клубпен ойнағанда эмоциялар өзінен-өзі пайда болады деп ойлаған едім. Осындай ұзаққа созылатын шиеленіс кезеңдеріне алғаш рет тап болып отырмыз», — деді Уразбахтин.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үш турдан кейін бір ұпай жинап, турнир кестесінде 34-орында тұр.
Кездесу сәрсенбіден бейсенбіге ауған түні Астана уақытымен 01:00-де «Джузуппе Меацца» стадионында басталады.
Біздің серіктес: FONBET