Жарнама
Жарнама

Рафаэль Уразбахтин: “Қайрат” елімізге үлкен қуаныш сыйлауға дайын”

12.08.2025, 11:45

Бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Слованға" қарсы өтетін қарымта матч алдында өз ойымен бөлісті.

Жарнама
Жарнама

"Біз мұнда ұзақ жолдан кейін сәл қалпына келу үшін арнайы бірнеше күн бұрын келдік. Мұнда бізге оңай болмайтынын түсінеміз, бірақ жалпы алғанда толық дайынбыз және бізді қанағаттандыратын ең жоғары нәтижені көрсетуге ниеттіміз.

Біз қарсыласты мұқият зерттедік және Алматыдағыдай ойын сценарийі болады деп болжадық. “Слован” өз алаңында өте мықты ойнайды. .

Менің ойымша, “Слован” ойыншылары жағдайды жақсы түсініп отыр және бізден өту үшін барын салады. Ал біз үшін ең бастысы – өзіміз туралы, өз ойынымыз туралы ойлау.

“Слован” өткен жылы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ал біз үшін бұл – арман. Біз осы арманды өзіміз үшін де, жанкүйерлеріміз үшін де, еліміз үшін де жүзеге асырғымыз келеді. Бәрі бізден осы мерекені күтеді, біз оны сыйлай аламыз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, бірақ мұнда бізге оңай болмайтынын жақсы білеміз." – деді Уразбахтин "Қайрат” баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров