"Қайрат" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар Лигасының алдағы кездесуіне дайындық барысын және қарсылас команда туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол ойынның Астанада өтуіне байланысты команданың дайындығын және алдағы матчқа деген үмітін атап өтті.
Бас бапкер oйыншылардың жағдайына көңілі толатынын жеткізді.
"Біз матчқа бес күн қалғанда Астанаға келдік және осында жаттығулар өткіздік. Жігіттерге ешқандай шағым жоқ. Ойын Қазақстанда өтіп жатқандықтан, жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Команда ойыннан-ойынға жақсарып келеді. Бізге қазір қажеті – тек тұрақтылық." – деді Уразбахтин.
Біздің серіктес: FONBET