«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Елімайдан» (2:3) жеңілгені туралы пікір білдірді.
— Біз үшін өкінішті жеңіліс болды. Қорғаныста ең жақсы ойынымызды көрсете алмадық. Өз ойымша, жеңіл голдарды жіберіп алдық. Чемпиондыққа таласатын команда ондай қателерге жол бермеуі керек деп санаймын. Негізінен ойын біздің сценарий бойынша өрбіді. Жігіттер біз айтқанның бәрін орындап отырды. Қарсыластың берік қорғанысын бұзу қиын болатынын жақсы түсіндік. Стандартты жағдайлар өз рөлін атқарды. Біз қалағанымызға жеттік. Бірақ содан кейін киім бөлмесіне кетер алдында қарапайым гол өткізіп алдық.
Екінші таймда бізге аса қажет голды соғуға тырыстық. Өкінішке қарай, керісінше балалық қателерге жол бердік. Ондай қате жасай берсең, оң нәтиже күту қиын. Футболшылар жақсы ойнаса, мен «жақсы» деймін. Бірақ біз осындай қате жіберсек, әрдайым соны айтамын. «Елімайды» жеңіспен байланысты құттықтаймын.
Бізге мұңая беруге уақыт жоқ. Жексенбіде қалпымызға келеміз. Ал келесі күні Шотландияға ұшамыз. Келесі матчқа дайындаламыз, – деді алматылық клубтың жаттықтырушысы.
Біздің серіктес: FONBET