Жарнама
Жарнама

Рафаэль Уразбахтин: “Шмейхельдің осал тұсын білдік – пенальти кезінде жоғарғы бұрышты нысанаға алдық”

05.03.2026, 19:56

Алматылық клубтың Еурокубок жолындағы ең жарқын сәттерінің бірі — "Селтикті" қапы қалдыруы болған еді. Уразбахтиннің айтуынша, бұл кездейсоқ жеңіс емес, терең талдау мен дайындықтың жемісі, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 1XCLUB YouTube арнасына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі тарихи жеңістің құпияларымен бөлісті. Бапкер әсіресе Шотландияның "Селтик” клубына қарсы өткен шешуші матчтағы тактикалық айла-тәргілерге тоқталды.

Пенальти сериясына келгенде "Қайрат” футболшылары допты тек қақпаның жоғарғы бұрыштарына бағыттаған. Бұл шешім қарсылас қақпашы, тәжірибелі Каспер Шмейхельдің физикалық ерекшеліктерін зерттеу арқылы қабылданған.

"Біз пенальти сериясы болатынын алдын ала болжап, дайындалдық. Шмейхельдің ойынын зерттей келе, оның төменнен келетін доптарға реакциясы өте жылдам екенін, бірақ жоғары ұшқан доптарға секіру ол үшін қиындау екенін байқадық. Жасына байланысты ма, әлде басқа ма, ол төменге тез бүктеледі, ал жоғарыға серпілуі баяулау. Сондықтан жігіттерге допты тек жоғарыға тебуді тапсырдық." — деді бапкер.

Сұхбат барысында Рафаэль Уразбахтин команданың қашан өз күшіне кәміл сене бастағанын да айтып берді:

"КуПС” клубынан өтіп, "Слованды” өз алаңында 1:0 есебімен жеңгенде, Еуропа лигасына жолдама алуға болады деген үміт оянған екен. Ол кезде команда ең кемі Конференция лигасының тобында ойнайтынын біліп, еркін қимылдай бастаған болып отыр.

"Глазгодағы "Селтикке” қарсы матчтан кейін біздің Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыға алатынымызға көзім толық жетті.” — деп түйіндеді Уразбахтин.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров