«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реалға» қарсы кездесу қарсаңындағы баспасөз-жиынына қатысып, ойын ортаға салды.
Айта кетейік, ертең алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінің 2-туры аясында «Орталық» алаңда испаниялық топ-клубты қабылдайды.
«Селтикке» қарсы бәсекеде біз қарсыластың қысымына толық кездесу бойына төтеп бердік деп ойлаймын. Қосымша екі таймының екіншісінде, иә, қарсылас бізді кәдімгідей тықсырып тастаған. Бірақ ол ойында бізде шабуыл өтінде біраз мәселе болған еді, шабуыл шебін өз ойымыздағыдай ширата алмадық. Ал ертеңгі ойындағы негізгі ой – бүкіл матч барысында бір деммен ойнап шығу. Футболшыларды да осыған дайындап жатырмыз. «Спортингпен» өткен бәсекені салыстыра айтсақ, ондағы ойынымыз бір қалыпты болмаған еді. Түсінікті, әрине мұны осындай жоғары деңгейдегі тәжірибенің жоқтығымен байланыстыруға да болады. Бірақ, сондай матчтардың арқасында біз өсіп, деңгейімізді көтереміз деп үміттенеміз. Осы тұрғыда ілгері басып келеміз. Маңыздысы осы дәрежені ұстап қалу. Сондықтан, қазір балаларды да бүкіл матч бойына белсенді болуға үгіттеп отырмыз. Ойын барысында ырғақтар, жақсы-жаман бөліктері болмауы керек. Бұл тұрғыда үнемі әңгіме болып жатыр. Қорыта айтқанда, «Спортингпен» болған матчтан, жеңілістен сабақ алуға тырыстық және кездесуде жинақы болуға ниеттіміз», - деді Р. Уразбахтин.
«Қайрат» ЧЛ 1-турында «Спортингпен» кездесіп, 1:4 ұтылған., енді ертең тиімді есепке қол жеткізуге ниетті.
Біздің серіктес: FONBET