Жарнама
Жарнама

Рафаэль Уразбахтин - Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі тәжірибесі ең аз бапкер

28.08.2025, 13:09

Футболдан «Қайрат» клубының жаттықтырушысы Рафаэль Уразбахтин бапкер ретіндегі 1 ғана жылдық қызметінде Қазақстан чемпионы, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, ол Чемпиондар лигасына өз командасын шығарған алғашқы отандық бапкер атанды.
 

Жарнама
Жарнама

1-раундта бапкер ретінде 270 матч өткізген Жорже Симаоны (Олимпия) жарыстан шығарды. Словения бапкері бұл жеңілістен кейін ұзаққа бармай, 7 тамызда отставкаға кетті.

«Қайрат» – «Олимпия» 3:1 (қос матчтың қорытындысы)

2-раундта бапкер ретінде 283 матч өткізген Яркко Висстан (КуПС) айласын асырды.

«Қайрат» – «КуПС» 3:2 (қос матчтың қорытындысы)

3-раундта бапкер ретінде 584 матч өткізген Владимир Вайссты (Слован) қапы қалдырды.

«Қайрат» – «Слован» 1:1, пенальти: 4-3

Плей-офф раундында бапкер ретінде 802 матч тәжірибесі бар Брендан Роджерстен (Селтик) өтті.

«Қайрат» – «Селтик» 0:0, пенальти: 3-2

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бапкерлердің тәжірибелері:

Пеп Гвардиола (Манчестер Сити) - 943 матч
Диего Симеоне (Атлетико Мадрид) - 935
Эрнесто Вальверде (Атлетик) - 889
Марселино (Вильярреал) - 758
Эдди Хау (Ньюкасл) - 718
Курбан Курбанов (Карабах) - 706
Хосе Луис Мендилибар (Олимпиакос) - 674
Ади Хюттер (Монако) - 663
Петер Бош (ПСВ) - 642
Антонио Конте (Наполи) - 635
Йиндржих Трпишовский (Славия Прага) - 558
Эрик тен Хаг (Байер) - 495
Луис Энрике (ПСЖ) - 471
Окан Бурук (Галатасарай) - 438
Роберто Де Зерби (Марсель) - 431
Томас Франк (Тоттенхэм) - 423
Кьетиль Кнутсен (Будё/Глимт) - 409
Иван Юрич (Аталанта) - 370
Нико Ковач (Боруссия Д) - 342
Игор Тудор (Ювентус) - 322
Дино Топпмеллер (Айнтрахт Ф) - 318
Микель Артета (Арсенал) - 291
Арне Слот (Ливерпуль) - 265
Винсент Компани (Бавария) - 250
Руи Боржес (Спортинг) - 247
Хаби Алонсо (Реал Мадрид) - 246
Ники Хайен (Брюгге) - 244
Бруну Лаже (Бенфика) - 205
Якоб Нееструп (Копенгаген) - 202
Хуан Карлос Карседо (Пафос) - 174
Ханс-Дитер-Флик - 173
Кристиан Киву (Интер) - 151
Энцо Мареска (Челси) - 133
Джон Хейтинга (Аякс) - 105
Себастьян Поконьоли (Юнион) - 74
Рафаэль Уразбахтин (Қайрат) - 43

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: