Жарнама
Жарнама

Рахим Стерлинг «Челси» ойыншысы атанды

14.07.2022, 03:05
Англиялық футболшы бес жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Рахим Стерлинг ресми түрде «Челсиге» ауысты деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Лондондық клуб Англия құрамасының ойыншысы үшін 47,5 миллион фунт стерлинг төледі. Рахим жаңа командасымен тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен бес жылдық келісім-шартқа отырды. Футболшы Лос-Анджелесте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Челси» клубына қосылды.

Стерлинг өткен маусымда «Манчестер Сити» жейдесінде 47 ойынға қатысып, 17 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. 27 жастағы шабуылшының манчестерлік клубпен келісім-шарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген еді.

«Челси» алдағы күндері «Наполи» клубының қорғаушысы Калиду Кулибали және «Манчестер Ситидің» қорғаушысы Натан Акені де қатарына қосады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров