Жарнама
Жарнама

Рахим Стерлинг өз рекордын жаңартты

12.07.2020, 19:48
Әлі маусымның аяқталуына 3 матч бар, Чемпиондар Лигасындағы ойын бар...
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» шабуылшысы Рахим Стерлинг жеке рекордын жаңартты.

Қазір 25 жастағы ағылшынның қоржынында барлық турнирлерде соғылған 27 гол бар. Стерлинг Англия Премьер-лигасының 35-турында «Брайтонға» (5:0) қарсы өткен матчында жаңа жетістікке жетті - ол хет-трик жасады.

Рахимнің бұған дейінгі рекорды 2018/2019 жылғы маусымында соғылған 25 гол болатын. (Премьер-лигада 17 гол, Чемпиондар лигасында 5 гол, Англия кубогында 3 гол).

2019/2020 маусымындағы Стерлингтің көрсеткіші

1.Ағылшын премьер-лигасы - 17 гол;

2.Чемпиондар лигасы - 5 гол

3.Англия лигасының кубогы - 3 гол

4.Англия Кубогы - 1 гол

5.Англия суперкубогы - 1 гол

Өз рекордын жаңарту үшін Рахимге 46 кездесу қажет болды. Алдыңғы маусымда шабуылшы 51 кездесу өткізген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров