"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазір Уэльс құрамасының жетекшісі Райан Гиггз сүйіктісіне шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды The Telegraph басылымы.
Басылымның хабарлауынша, Гиггздің сүйіктісі Кейт Гревиллдің өзі Уэльс құрамасының бас бапкерін қамауға алу үшін полицияға қоңырау шалған. Бұл Райан Гиггздің басына түскен алғашқы мәселе емес. 2018 жылы Гиггз өз әйелінің көзіне шөп салып, ағасының әйелімен және басқа да әйелдермен бірге көңіл қосып жүргені белгілі болды.
Гиггз "Манчестер Юнайтедте" 1990 жылдан 2014 жылға дейін ойнады. "Манчестер Юнайтед" құрамында ол 13 рет Англия чемпионы атанды, төрт рет ел кубогын жеңіп алды, екі рет УЕФА Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.
Біздің серіктес: FONBET