Жарнама
Жарнама

Рахим Стерлинг Қазақстанға келмейді

31 жастағы вингер “Фейеноорд” ұжымымен жылдың соңына дейін келісім шартқа отырды.

Жарнама
Жарнама

Соңғы рет Рахим лондонның “Челси” клубында өнер көрсетті. Жарақатына байланысты осы маусымда ойнамаса да, Стерлинг аптасына 375 мың еуро жалақы алып отырды. Қазіргі сәтте Англия құрамасының экс-ойыншысын Трансфермаркет порталы 5 млн еуроға бағалайды. Алайда осыдан бес жыл бұрын Рахим өзінің ойыны жүріп тұрған уақытында 160 млн еуро болды.

Айта кетейік, Стерлингтің жаңа командасы Нидерланды ішкі чемпионатында 22-турдан кейін 42 ұпаймен турнирлік кестеде 2 орында келеді.

Еске салсақ, ақпан айының басында Рахим клубсыз қалған уақытта БАҚ өкілдері Англиялық вингердің Қазақстанға келуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: