«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Иван Ракитич «Севильямен» келісімшартқа қол қоюға жақын, деп хабарлайды Sport.es.
Дереккөздің айтуынша, келіссөздер ілгері сатыда. «Севилья» бұрынғы ойыншысына үш-төрт жылға келісімшарт ұсынуға дайын, бірақ ойыншы жалақыны екі есеге - 8 миллионнан 3,7 миллионға дейін қысқартуға мәжбүр болады. Осының өзінде Ракитич "Севильядағы" ең көп жалақы алатын ойыншыға айналады.
Ракитич «Севилья» сапында 2011-2014 жылдар аралығында ойнады, оған дейін «Шальке» мен «Базельдің» намысын қорғады. Футболшының "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жасалған. 2019/2020 маусымда Ракитич клуб деңгейіндегі барлық турнирлерде 42 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды және бес нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET