Жарнама
Жарнама

Rakuten TV Андрес Иньеста жайлы деректі фильмнен үзінді көрсетті (видео)

16.02.2020, 18:43
Жарнама
Жарнама

Rakuten TV стримингтік компаниясы Испания мен "Барселонаның" бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста жайлы деректі фильмінің үзіндісін жариялады. Қазір футболшы Жапонияның "Виссел Кобе" командасында ойнайды.

Сериал "Андрес Иньеста - күтпеген қаһарман" атауымен көрерменге жол тартады. Туынды осы көктемде Rakuten-нің Еуропа, Азия мен Америкадағы барлық сервисінде қолжетімді болмақ.

https://twitter.com/RakutenTV/status/1227192481156096001?s=20

Фильмде ойыншының жеке өмірі мен карьерасындағы айтулы кезеңдер көрсетіледі. Сонымен қатар, əр бөлімде Месси, Хави, Неймар, Луис Суарес, Петр Чех пен Пеп Гвардиоланың сұхбаттары да болады. Сондай-ақ, картинада Андрестің өмірбаянында əлі еш жерде жарыққа шықпаған Ла Масия, "Барселона", Испания құрамасы, Жапониядағы жайттар айтылады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров