«Ракувтың» бас бапкері Марек Папшун УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астанамен» болатын матч жайлы пікір білдірді:
- Біз еурокубоктегі жорығымызды бастаймыз және бұл клуб үшін тарихи сәт, өйткені бұл турнирдің ойыны алғаш рет Ченстоховада өтеді. Біз бұл матчты өз алаңымызда өткізе алатынымызға өте қуаныштымыз. Стадионның лық толы болатынын білеміз және Қазақстанға аттанар алдында жанкүйерлермен бірге жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бізге қосымша мотивация қажет емес. Әрқайсымыз бұл матчты асыға күтеміз. Бұл өткен маусым мен жетістіктер үшін берілген марапат. Бұл матчтардың Польша футболы үшін қаншалықты маңызды екенін, рейтингте көтеріліп, ұпай жинап, жеңіске жетуіміз керек екенін де білеміз. Біз өзіміз және жанкүйерлеріміз үшін ғана емес, Польшаның намысын қорғау үшін ойнаймыз және бұл маңызды оқиға.
Біздің серіктес: FONBET