Жарнама
Жарнама

Ральф Рангник АПЛ тарихына енді

06.12.2021, 04:02
Неміс маманы дебюттік матчында жеңіске жетті.
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 5 желтоқсанда «Манчестер Юнайтед» Англия Премьер-лигасының 15-ші турында «Кристал Пэласты» (1:0) жеңді. Бұл «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Ральф Рангниктің алғашқы матчы болды.

OptaJoe порталы хабарлағандай, Рангник Премьер-Лига тарихындағы дебюттік матчында жеңіске жеткен алғашқы неміс жаттықтырушысы атанды.

Бұған дейін Феликс Магат, Юрген Клопп, Ян Сиверт, Даниэль Фарке және Томас Тухель секілді бапкерлер мұндай көрсеткішке қол жеткізе алмаған.

«Манчестер Юнайтед» 15 ойында 24 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 6-шы орында тұр. «Кристал Палас» (16 ұпай) 12-орында қала берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров