Жарнама
Жарнама

Ральф Рангник австриялық маманды өзінің көмекшісі етіп тағайындағысы келеді

04.12.2021, 18:58
Бірақ бұл бапкерді алу үшін шығындалу қажет.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» «Нью-Йорк Ред Буллз» клубының тәлімгері Герхард Штрубердің бас бапкер Ральф Рангниктің жаңа көмекшісі болғанын қалайды, деп хабарлайды The Sun.

«Манчестер Юнайтед» Штруберге ұсыныс тастап қойды, егер ол келіссе, манчестерлік клуб Герхардтың келісім-шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін америкалық клубқа өтемақы төлеуге мәжбүр болады.

Герхард Штрубер «Нью-Йорк Ред Буллз» командасын 2020 жылдың қазан айында тізгіндеді. Оның клубпен келісім-шарты тағы екі маусымға жарамды.

63 жастағы Рангник пен 44 жастағы Штрубер бұған дейін австриялық «РБ Зальцбургте» бірге жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров