Рамазан Оразов бүгін "Силькеборг" сапында Еуропа Лигасында өнер көрсетуі мүмкін

25.07.2024, 18:14

Бүгін даниялық "Силькеборг" ЕЛ екінші іріктеу кезеңінде норвегияның "Мольдесімен" кездеседі.

Бұл ойынға Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов қатысуы ықтимал. "Ақтөбенің" бұрынғы футболшысы осыған дейін Дания біріншілігінде алаңға шыққан. Енді бүгін жаңа командасының қатарында өзінің еурокубоктегі алғашқы кездесуін өткізуі мүмкін. "Силькеборг" пен "Мольде" арасындағы матч түнгі 22:00-де басталады. 

Естеріңізде болса, Рамазан Оразов даниялық командамен 2027-жылдың 30-маусымына дейін келісімшартқа отырған.