Рамазан Оразов Дания Кубогіндегі «Роскильде» - «Силькеборг» кездесуінде мергендігімен көзгет түсті.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы ойынның 93-минутында қарсылас қақпасының торын тулатты. Ал матчтың өзі «Силькеборгтың» жеңісімен аяқталды (1:3). Бұл Рамазан Оразовтың даниялық клуб сапында барлық турнирлерде салған екінші добы.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы «Силькеборгке» осы жазда «Ақтөбеден» ауысып барған болатын. Бұдан бөлек,«Қайраттың» түлегі «Тобылдың», ресейлік «Чайка, латвияның «Даугавпилс» және словенияның «Коперінің» намысын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET