Рамазан Оразов еурокубокта кімге қарсы ойнайтының анықтады

Отандасымыз Рамазан Оразов өнер көрсететін “Силькеборг” командасы Еуропа Лигасының іріктеуі аясындағы қарсыласын нақтылады.

Екінші іріктеу кезеңінде “Силькеборг” норвегиялық “Мольде” командасымен кім мықтыны анықтайды. Ойындар 25 шілде мен 1 тамыз күні өтеді деп жоспарланған.

Жеңіске жеткен күнде дат ұжымы келесі кезеңде “Килмарнок” пен “Серкль Брюгге” жұбының жеңімпазымен бақ сынайды. 

Оразовтың  “Мольдеге” қарсы ойыны еурокубок аясында өткізген 13 ойыны болып саналады. Ол үшін жартылай қорғаушы бапкердің үдесінен шығуы тиіс.