Жарнама
Жарнама

Рамазан Оразов: Мен осы жаққа келіп, доп тебу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым

18.09.2024, 16:08

Қазақстан құрамасы мен «Силькеборгтың» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Дания чемпионатына бейімделуі мен жергілікті біріншіліктің деңгейі жайлы айтты.  

Рамазан Оразов "Силькеборг" командасының жейдесінде
Жарнама
Жарнама

«Осы жаққа ауысқаннан кейін бірінші жаттығуда-ақ мұндағы қарқынның жоғарылығы мен ойын барысында жылдам шешім қабылдау керектігін сезіндім. Суперлигадағы командалар физика және тактика тұрғысынан керемет дайындалған. Сондай-ақ, мұндағы чемпионаттағы матчтар өзінің жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Дания чемпионатында көптеген талантты футболшылар доп тебеді әрі осындағы әрбір команданың өзіндік қайталанбас стилі бар. Мен шетел біріншілігінде өзімнің туған елімді танытып жатқаныма қуаныштымын. Өзімнің мысалымда қазақ жастарына шетте өнер көрсетуге болатынын дәлелдегім келеді. Себебі, мен осы жаққа келіп, доп тебу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым және болашақта әлем футболында ойнайтын қазақстандық жастар санының артатынына үміттенемін. Енді жеке өзіме келер болсам, мен туралы мұнда тек жақсы жағынан еске алса екен деймін. Алаңда барын салатын футболшы ретінде әрі жақсы адам ретінде ел жадында қалсам. Мәңгілікке «Силькеборгтің» футбол жанұясының бір бөлшегіне айналып, осындағы жанкүйерлердің жүрегінен орын аламын деген үмітім бар», - деді Рамазан Оразов.

Естеріңізге саламыз, Рамазан Оразов маусымда «Ақтөбеден» Дания біріншілігінің өкілі «Силькборгқа» ауысты. Бұл қазақстандық футболшының төртінші шетелдік ұжымы: осыған дейін Словенияның «Копер», Ресейдің «Чайка» және Латвияның «Даугавпилс» дейтін командаларында доп тепкен.      

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров