Жарнама
Жарнама

Рамазан Оразов негізгі құрамнан тыс қалды

05.11.2024, 11:09

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың «Силькеборгы» Дания біріншілігінің 14-турында «Копенгагенмен» кездесті.

Рамазан Оразов командаластарымен
Жарнама
Жарнама

Бұл ойынды отандасымыз қосалқы құрамда бастап, алаңға 73-минутта шыққан. «Flashscore» сайты оның өнерін 6,1 деп бағалаған еді. Бұл осы матчтағы ең төменгі бағаның бірі болды. Ал матчтың өзіне келер болсақ ойын 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.

Дәл қазір «Силькеборг» Дания Суперлигасының турнирлік кестесінде алтыншы орынға жайғасқан. Клуб қоржынында 22 ұпай. 

«Копенгаген» (Копенгаген, Дания) – «Силькеборг» (Силькеборг, Дания) – 2:2

Голдар: Андреас Корнелиус 2, Кевин Дикс 90+1 (пенальти) – Тонни Адамсен 45+3 (пенальти), Александер Симмельхак 90+9

Айта кетейік, Рамазан Оразов осы жазда клуб ауыстырды. Жартылай қорғаушы «Силькеборгқа» «Ақтөбеден» барған болатын.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров