«Силькеборгтың» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов өзінің қосалқы командағы ауыстырылуы жайлы сыбысқа үн қатты.
Айта кетейік, жақында Қазақстан құрамасының футболшысы «Силькеборгтың» негізгі командасынан шеттетілді деген ақпарат тараған еді. Алайда, Оразовтың өзі бұған Инстаграм-парақшасында былай деп жауап беріпті:
«Бұл не сандырақ? Жалған ақпарат көздеріне сенудің қажеті жоқ», - делінген қазақстандықтың жазбасында. Алайда артынша, футболшы бұл жазбасын өшіріп тастаған болатын.
Рамазан Оразов осы жазғы трансферде «Ақтөбеден» Дания біріншілігіне ауысып барды. Футболшы мен «Силькеборгтің» келісімшарты 2027-жылдың 30-маусымына дейін жарамды. Айта кетейік, бұл оның шетелдік төртінші ұжымы – Ресейде "Чайка", Латвияда "Даугавпилс" пен Словенияның "Коперінде" доп тепкен. Сондай-ақ, "Қайрат", "Ақтөбе", "Ақсу" мен "Тобылдың" намысын қорғағады.
Біздің серіктес: FONBET