Даниялық “Силькеборг” ішкі чемпионаттың 4-турында “Раннерс” клубынан басым түсті (2:0), деп жазады Kazfootballkz.
“Раннерс” (Дания) – “Силькеборг” (Дания) – 0:2
Гол: Оразов 52’, Бакиз 66’
Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов аталған матчты бастапқы құрамда бастады. Сөйтіп, екінші таймда Мадс Ларсеннің голдық пасынан кейін ерекшеленді.
Рамазан “Силькеборгтағы” алғашқы голын 1 тамыз күні “Мольде” қақпасына соққан еді. Алайда төреші Орзовтың офсайдта әрекет жасағанын анықтап, нәтижені есептемей қойды.
Біздің серіктес: FONBET