Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Силькеборг» сапында жолдастық кездесуге қатысты.
Отандасымыз өз командасының «Виборгпен» болған бәсекесінде алаңға бірінші минуттардан шығып, 58-минутқа дейін өнер көрсеткен. Ал матчтың өзі тең нәтижемен аяқталған болатын (3:3).
Айта кетейік, Рамазан Оразов осы жазда «Силькеборгқа» «Ақтөбеден» ауысқан. Отандасымыздың жаңа клубы әзірше Дания біріншілігінің 11-турынан кейін он тоғыз ұпаймен төртінші орынға жайғасуда. Қазақстандық футболшы өткен аптада ұлттық команда сапындағы 30-кездесуін өткізді (Аустрияға қарсы матч. Ал Словенияға қарсы ойынға Оразов қатысқан жоқ.
Біздің серіктес: FONBET