Жарнама
Жарнама

Рамазан Оразов жаңа клубында бірінші голын салды

09.07.2024, 18:36

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Силькеборг" сапындағы алғашқы добын соқты.

Рамазан Оразов
Жарнама
Жарнама

Отандасымыз даниялық команда сапында Нидерландының "ПЕК Зволлесінің" қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Бұл жолдастық кездесудің 31-  минуты болатын. Айта кетейік, Оразовтың жаңа командасы Нидерландыда ОЖЖ өткізуде. Қазақстандық футболшы "Силькеборг" - "Утрехт" бәсекесінде де бақ сынаған. Ол матчты қосалқы құрамда бастап, кездесуге екінші тайм барысында шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы "Силькеборг" командасымен 2027-жылдың маусымына дейін келісімшартқа отырған. Бұдан бөлек Рамазан Оразов "Ақтөбе","Қайрат","Ақсу" секілді командаларда доп тепті. Сондай-ақ, латвияның "Даугавпилс", ресейлік"Чайка" және словенияның "Копер" клубтарының да намысын қорғаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров