Жарнама
Жарнама

Рамазан Оразовтың ұлттық құрама сапынан неге тыс қалғаны белгілі болды

29.05.2025, 00:31

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Алиев Данияның «Силькеборг» клубында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың маусым айындағы матчтарға неге шақырылмағанын айтты.

Жарнама
Жарнама

— Рамазан қазіргі уақытта ойын тәжірибесі өте аз. Ол мұны өзі де жақсы түсінеді. Тиісті жаттығусыз тіпті Лихтенштейн құрамасы деңгейіндегі қарсыласпен де ойнау қиын. Біз бұл мәселені бірге талқыладық, — деді Алиев.

Айта кетейік, Оразов осы маусымда «Силькеборг» сапында барлық турнирлерде 42 ойынның 24-іне қатысып, 3 гол соққан.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 5 маусым күні Минскіде Беларусьпен жолдастық матч өткізеді. Ал 9 маусымда «Астана Аренада» Солтүстік Македонияға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ойын өтеді.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: