"Реал Мадрид" клубының қорғаушысы Серхио Рамос жарақатынан толық айықты. Испаниялық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, капитан командалық жаттығуға кіріскен.
Енді Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 6-шы туры аясында өтетін "Реал Мадрид" пен "Боруссия М" арасындағы матчқа қатыспақ. Испаниялық клуб қазір өз тобында 3-ші орында тұр. Сондықтан бұл кездесу Зидан шәкірттері үшін де, Зидан үшін де өте маңызды болмақ.
"Реал" өз алаңында неміс клубын 9 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 2:00-де қабылдайды.
Естеріңізге сала кетсек, Рамос Ұлттар Лигасында өткен Испания мен Германия арасындағы матчта жарақат алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET