Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Серхио Рамос маусым соңында командада қалуы мүмкін.
AS басылымы хабарлағандай, тараптар келісімшартты екі жылға ұзарту туралы келісімге келді. Олар тек кейбір кішігірім қаржылық мәселелерді шешуі керек.
"Реал Мадрид" президенті Флорентино Перестің Рамоспен тікелей келіссөздер жүргізіп жатқандығы атап өтілді. Олар осы жылдың соңына дейін жаңа келісім туралы жариялайды деп күтілуде. Бұған дейін "Пари Сен-Жермен" Корольдік клубтың капитанына керемет ұсыныс дайындап жатқандығы туралы хабарланған болатын, бірақ кейіннен бұл ақпараттың жалған екендігі хабарланды.
Рамос "Реал Мадридтің" намысын 2005 жылдан бері қорғап келеді, оған дейін "Севильяда" ойнаған. 34 жастағы футболшы клубпен бірге 22 кубок жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET