Рамос рекорд жаңартты, «Реал» үш ұпайын алды

25.06.2020, 08:58
Серхио Испан ла-лигасында ең көп гол ұрған қорғаушы. Ол Рональд Куманнан озды.

Зинедин Зидан бұл матчқа мықты құрам шығарды. Өткен жолы сары қағаз алған Каземиро алаңға шыға алмады. Ортада Модрич, Вальвердеғ Крос үшеуі жүрді. Винисиус негізгі құрамда ойнады. Жылдамдығы мықты жартылай қорғаушы 19 минутта есеп ашты. Бэйл де допты оған қалдыра салды. Екеуі бір-бірін жақсы түсіністі. Азар, Бэйл, Бензема үштігі жойқын шабуылдар жасады. Екінші таймда ойып алаңының маңында ойын тәртібі бұзылды. Оны Серхио Рамоч орындады. Серхио карантинде стандарттар орындаумен айналысқан секілді. Әбден машықтанып алыпты. Оның соққан голы Мессидің айып доптарынан еш кем болмады.

"Реал" қайтаан бірінші орынға шықты. Енді патша клубы келесі ойынын 28 күні сырт алаңда "Эспаньолге" қарсы өткізеді.