Жарнама
Жарнама

РАУАН САРИЕВ «ҚАЙРАТПЕН»БІРГЕ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛЫП ЖҮР

28.02.2013, 23:30
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық футболшы, «Оле Бразил» командасының ойыншысы Рауан Сариев «Қайрат» командасының құрамында Қазақстан чемпионатына дайындалып жүр. Бұл туралы команда директорлар кеңесінің өкілі Қайрат Боранбаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды. - Рауан Сариев командамен бірге алғашқы оқу- жаттығу жиынын аяқтады. Және ол «Қайратпен» бірге Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр, – деп жазған команда өкілі. Рауан осыдан он күн бұрын елге демалысқа оралған болатын. «Қайрат» командасының баспасөз қызметі Сариевтың команда сапында жүргенін растады. Бірақ нақты келісім-шарт жасаспағанын айтты. Соңғы шешім команда бапкер Владимир Вайсстың еншісінде. Ол Сариев командаға керек десе, келісім жасалуы мүмкін. Қосқан: Ернат Темірбеков
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров