Жарнама
Жарнама

РАУАН САРИЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕМАЛЫСҚА КЕЛДІ

16.02.2012, 21:32
Жарнама
Жарнама
Қазақ та доп тебе алады. Оны дәлелдеген Рауан Сариев. Бала кезінен аладопқа әуес болып, Бразилияда футбол әліппесін тауысқан жас жеткіншек шетел аттай қалап шақырып, ақы төлеген алғашқы қазақ. Рауан қазір Бразилия жасыл алаңдарында ойқастап жүр. Туған жерге демалуға келген жас шебермен тілшіміз Руслан Меделбек тілдесті. Рауан Сариев футбол болашағы. Жаста болса бас болып, мұхит асқан жеткіншектің жолына үлкен үмітпен қарайды сарапшылар. Осыдан екі жыл бұрын президент бастамасымен 25 жеткіншек футболдың Меккесі саналатын Бразилия еліне аяқдоптың қыр сырын меңгеруге аттанған. Солардың бірі Рауан. Жетісу өңіріндегі қарапайым ауылдан шыққан оның қимылына бразилиялықтар таңдай қағып, елдерінде алып қалды. Көпшілік ептілігі мен айласына қызығады. РАУАН САРИЕВ, ФУТБОЛШЫ: Мен бразилияда оқып жүргенде арнайы емтихан тапсырып, қалатын 20 баланың қатарына кірдім. Олардың ішінде иран түркия елдерінің балалары ғана бар. Рауан жайлы қазақстандық ақпарат құралдары сан мәрте жазды. Тіпті Ресей тілшілері де қазақ ұланының шеберлігіне қызығы қарайды. Бразилия да БАҚ тіпті оны меншіктеп те үлгерді. Рауан Сариев: Мен туралы көп жазып кетті. Кейде өзім қысылам. Артымда қаншама жанкүйер тұр. Соның үмітін ақтасам деймін. Рауан қазір Алматыда жүр. Кезекті демалысын отанында өткізуді жөн санаған. Енді бір аптадан кейін ол Бразилияны қайта бетке алады. Рауан әлемге «қазақтың футбол ойнай алатындығын дәлелдегім келеді» дейді. Бүгінде бразилия клубынан үйренгені де көп. «Атлетикомен» келісім шарт аяқталған соң, Еуропадағы «Арсенал», «Реал» сынды алпауыт команда сапына келсем деп міндет қойған. Бағындырар шыңы көп қазақ жігітінің. Бастысы көк байрақты желбіретсем дейді. СЮЖЕТ «АЛМАТЫ» ТЕЛЕАРНАСЫНАН ЭФИРГЕ ШЫҚТЫ   http://www.alaman.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров