"РБ Лейпциг" Чемпиондар лигасының ширек финалында «Атлетиконы» жеңіп, әлемдегі ең танымал турнирдің тарихына енді.
"РБ Лейпциг" Диего Симеоне баптаған "Атлетиконы" плей-офф кезеңінен Криштиану Роналдусыз шығарған алғашқы клуб", - деп жазды УЕФА Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, ширек финалда «РБ Лейпциг» «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда Германия клубы бұған дейін дәл осындай нәтижемен "Аталантаны" жеңген "ПСЖ-мен" кездеседі. Жартылай финал 19 және 20 тамызда, ал финал 24 тамызда өтеді. Барлық ойындар сағат 01:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET