Жарнама
Жарнама

«РБ Лейпциг» - Германия кубогінің жеңімпазы

22.05.2022, 18:27
Жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 21 мамырда Берлиндегі «Олимпиаштадионда» Германия кубогінің финалдық матчында «Фрайбург» пен «РБ Лейпциг» командалары кездесті. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

19-минутта «Фрайбургтің» жартылай қорғаушысы Максимилиан Эггештейн есеп ашты. Ал 76-минутта Кристофер Нкунку көзге түсіп, ойынды экстра-таймға ұластырды.

Командалар кездесудің негізгі және қосымша уақытында жеңімпазды анықтай алмағандықтан, пенальти сериясының куәсі болдық. Матч соңындағы лотереяда «РБ Лейпциг» 4:2 есебімен жеңіске жетті.

«РБ Лейпцигтің» бас бапкері Доменико Тедеско соңғы 43 жылда Германия кубогін жеңген ең жас бапкер атанды (36 жас 251 күн). Рекорд 1979 жылы «Фортуна Дюссельдорфпен» аталмыш турнирде топ жарған Ханс-Дитер Типпензауэрге тиесілі (35 жас 250 күн). Сондай-ақ Тедеско кеше кәсіби мансабындағы алғашқы жүлдесіне ие болды.

«РБ Лейпциг» Германия Суперкубогінде Бундеслига чемпионы «Бавариямен» ойнайтын болады.

Айта кетейік, «РБ Лейпциг» өз тарихында алғаш рет Германия кубогін жеңіп алды. «Бұқалар» 2018/2019 жылғы маусымда турнирдің финалына дейін жеткен еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров