Жарнама
Жарнама

«РБ Лейпциг» жаңа бас бапкер тағайындады

08.09.2022, 19:15
Германиялық клуб отандық маманға сенім артты.
Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Дортмундтың «Боруссиясын» жаттықтырған неміс маманы Марко Розе «РБ Лейпцигтің» бас бапкері атанды. Бұл туралы клуб өзінің ресми парақшасында хабарлады.

Розенің командамен келісім-шарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды болмақ. Бүгін кешке ол командамен алғашқы жаттығуын өткізеді.

Еске салайық, кеше «РБ Лейпциг» Доменико Тедесконың бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлаған едi. Осы маусымда оның басшылығымен клуб Бундеслигадағы бес матчта бес ұпай жинап, турнир кестесінде 11-ші орында тұр. 6 қыркүйекте команда Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойында Донецктің «Шахтерінен» 4:1 есебімен жеңіліп қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров