«РБ Лейпцигтің» бас бапкері Доменико Тедеско жақын арада қызметінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.
Романоның айтуынша, клуб басшылығы Тедесконың орнын басатын адамды да тауып қойған. Былтыр дортмундтық «Боруссияны» жаттықтырған Марко Розе команданың жаңа бапкері болуы мүмкін.
«Лейпциг» өткен маусымды Джесси Марштың жетекшілігімен сәтсіз бастаған еді, бірақ ол кезде клуб басшылығы желтоқсанға дейін шыдаған. Бұл жолы неміс клубы Тедескоға тағы бір мүмкіндік беруге дайын емес.
Еске салайық, «Лейпциг» Бундеслиганың бес матчында бес ұпай жинап, турнир кестесінде 11-ші орында тұр. Кеше, 6 қыркүйекте команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында Донецктің «Шахтерінен» 4:1 есебімен жеңіліп қалды.
Біздің серіктес: FONBET