Жарнама
Жарнама

«РБ Лейпцигтің» көшбасшы футболшысы топ-клубтардың назарына ілікті

21.04.2022, 17:40
Француз футболшысы үшін төрт клуб таласып көрмек.
Жарнама
Жарнама

Англия мен Италия командалары «РБ Лейпцигтің» жартылай қорғаушысы Кристофер Нкункуге қызығушылық танытуда.

Fichajes порталының мәліметінше, 24 жастағы футболшыға «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Милан» және «Интер» клубтары таласып көрмек.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтедтің» скауттары француз футболшысының ойынын бағалау үшін Еуропа лигасындағы «Лейпциг» - «Аталанта» (2:0) ойынына қатысқан болатын.

Нкункудың германиялық клубпен қазіргі келісім-шарты 2024 жылы аяқталады.

Осы маусымда футболшы «РБ Лейпциг» жейдесінде 45 матч өткізіп, 30 гол соқты, 19 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров