Жарнама
Жарнама

“Әрбір жеңісі нағыз жан түршігерлік азаппен келіп жатыр” – Маман “Қайраттың” чемпиондық амбициясын сұрапыл сүргінге салып, үкім кесті

Бүгін, 16:27

Алматылық “Қайрат” Премьер лиганың 17-ші турында Петропавлдық “Қызылжарды” 3:0 есебімен ұтқанымен, бұл табыс футбол мамандарының көңілінен шықпады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес Sports.kz сайтына берген сұхбатында Алматылық клубтың ішкі дағдарысы мен ойын өрнегіндегі сорақы шикіліктерді жайып салды. Сарапшы тіпті Дастан Сәтпаевтың дубль жасап, Еуропаға кетуі де команданың негізгі мәселесін жасыра алмайтынын ашық айтты.

Вячеслав Эрбес 3:0 есебіне алданудың қажеті жоқтығын, алаң иелерінің бұл жеңіске өте ауыр азаппен жеткенін тізіп берді.

“Егер “Астанамен” болған кездесуді есепке алмасақ, биылғы жылы “Қайраттың” әрбір ойыны қорқынышты азаппен өтіп жатыр. Олар қарсыластардың қорғанысын бұзып өтуден қауқарсыз, жеңістердің көбіне әрең дегенде минималды есеппен қол жеткізеді.” — деді маман

Эрбестің пайымдауы бойынша, биылғы құрам өткен жылғымен салыстырғанда әлдеқайда әлсіз. “Қызылжарға” қарсы матчта да Алматылықтар ұзақ уақыт бойы алаңда қиналып, бір голдан кейін тек ойынның соңында ғана есепті еселеді.

“Бұл Дастан Сәтпаевтың Еуропаға аттанар алдындағы ең соңғы ойыны болды. Комментатор айтқандай, “бір тума талант кетсе, оның орнына екіншісі келеді”. Егер солай болса, өте жақсы. Бірақ дәл қазір менің ойымша, “Қайратқа” шұғыл түрде бір нәрсені өзгерту қажет.” – дейді Вячеслав.

Қазақстандық маманның айтуынша, “Қайрат” қағаз жүзінде әр матчтың фавориті саналғанымен, олардың алаңдағы көрсеткіші чемпиондық амбицияға мүлдем сай келмейді. Әрбір жеңістің артында ұлы қиындық пен сәтсіздік қаупі тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров