«Реал» 2 күннен кейін чемпион болады

14.07.2020, 08:58
Соңғы екі ойынның бірінде жеңіске жетсе болды.

Испан Ла-лигасының 36-турында "Реал" Мадрид "Гранадаға" қонаққа барды. 10 минутта Форлан Менди есеп ашса, араға 6 минут салып Кәрім Бензема есепті еселеді. 50-минутта Мачис тағы бір гол салып, есеп айырмасын қысқартты. Одан кейін де "Гранадада" таразы басын теңестіретін тамаша мүмкіндіктер болды. Бірде Куртуа, біірде Рамос құтқарып жатты. Серхио допты қақпаға еніп бара жатқан жерінен алып шықты. Зинедин Зиданның командасы "Барсадан" 4 ұпай алда тұр. Алда екі матч бар. Яғни, келесі ойынды 16-нан 17-не қараған түні "Вильяреалды" жеңсе, Испания чемпионы атанады.

Ал егер ол ойын тең аяқталып немесе "Вильяреал" жеңіп жатса, соңғы турда "Реалға" сырт алаңда "Леганесті" жеңуге тура келеді. 37-турда "Барселона" өз алаңында "Осасунаны" қабылдайды.