Жарнама
Жарнама

“Реал” Алматыдағы алаңға қатысты УЕФА-ға шағымданды

30.09.2025, 20:35

Алматыда өтетін Чемпиондар лигасы ойыны қарсаңында "Реал" Орталық стадионға байланысты УЕФА-ға ресми өтініш жасады. Испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, қонақтар газонның биіктігін төмендетуді талап еткен.

Жарнама
Жарнама

Қазір алаңдағы шөптің ұзындығы 25 мм. Ал "Реал” әдетте 20–22 мм деңгейдегі газондарда ойнап үйренген. Сол себепті клуб өкілдері УЕФА-дан алаңды қайта қырқуды сұраған. Алайда еуропалық ұйым өтінішті қабылдамады. Регламент бойынша газонның рұқсат етілген ең жоғарғы биіктігі 30 мм, демек Алматыдағы алаң толықтай талапқа сай. 

Айта кетейік, "Реал” мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Өткен маусымда "Хетафеге” қарсы матчта алаңдағы шөп 27 мм болған еді.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров