Испания Ла Лигасының 6-турында "Реал" "Леванте" командасына қарсы сырт алаңда ойнап, жеңіске жетті.
Ойын "Сьюдад де Валенсия” стадионында өтті,.
Хаби Алонсо командасын келесі құраммен шығарды: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Гарсия, Фернандес, Вальверде, Себальос, Мастантуоно, Мбаппе, Гюлер, Винисиус Жуниор.
Бірінші таймда Винисиус Жуниор (28-минут) және Франко Мастантуоно (38-минут) қонақтарды алға шығарды. Екінші таймда Карл Эдуард Этта Эйонг (54-минут) есепті қысқартса да, кейін Килиан Мбаппе дубль жасап, кездесуді 4:1 есебімен "Реалдың” пайдасына шешті.
Осы жеңістен кейін "Реалдың" ұпайы 18-ге жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET