Жарнама
Жарнама

“Реал”: АЛТЫ ЖЫЛДАН СОҢ ШИРЕК ФИНАЛҒА!

17.03.2011, 17:46
Жарнама
Жарнама

Бұл ойынға дейін «Реал» мен «Лион» ЧЛ барысында сегіз ойын өткізіп, сегізінде де «Реал» жеңіске жете алмапты. Бүгін осы «дәстүрді» бұзу «Реалдың» қолынан келді де. Бір минут үнсіздік… Ойын Жапония қасіретін еске алумен басталды. Одан әрі төреші Дамир Скоминаның (ЧЛ ең жас төреші – 24 жаста) ысқырығы шалынып, матч басталды. Ойынның екінші минутынан Роналду «Лион» қақпасына шабуыл жасаған. Бірақ «Лиондық» Крис допқа тосқауыл бола білді. Алғашқы айып добы. Роналдудың отыз метрден бағыттаған добы қақпадан биік кетті. 5 минутта Месут Өзіл мен Марсело Льорис қорғаған қақпаға қауіпті соққы бағыттаған, бірақ қақпашы жанкештілік танытты. Ойын өте қарқынды басталды. «Реалдың» қауіпті соққыларына «Лионда» жауап қайтаруға тырысты. Бірақ нәтижесіз. Матчтағы алғашқы сары кәртішке ойынның 10 минутында көрсетілді. Гуркюфф алаң шетінен өткір шабуылға шығуға тырысып еді. Португалиялық Пепе допты қолымен тоқтатып, өзіне тиесілі жазасын алды. Осыдан кейін ойын біраз «тынышталды». Бір бірімен сыр суырып ойнауға көшкен қос команда «түлкі қимылға» көшті. Араға біраз уақыт салып, яғни ойынның 21 минутында Сиссоко сол қапталдан суырылып шығып, «Реал» қақпасына тамаша соққы бағыттаған. Касильяс орнынан табылды. Ойынның осы қарқынына қарап, алғашқы гол ұзақ күттірмейді деп топшыладық. Алғашқы тайм орта тұсына жеткенде «Реал» ойыншысы Карвалью сары кәртішке алды. Сесар Дельгадоны «құлатқаны» үшін. Неге «құлатқаны» үшін? Карвалью қатты шалды дей алмайсыз Дельгадоны. Бірақ «Лион» ойыншысы «қатты соққы» алып, алаңда домаладай кеп. Ал төреші бұл жағдайды шешу үшін төс қалтасынан сары қағазды суыра Карвальюге бағыттады. Ойынның 37 минутында бразилиялық «Реал» ойыншысы Марсельо Криштиану Роналдудан тамаша пас алып, қос қорғаушы Крис пен Деян Ловренді алдап өтіп, есеп ашты. Марсельо өзінің еуротурнирдегі алғашқы голын соқты. Гуркююф осы сәтте алаңдағы дөрекілігі үшін ескерту алды. Матчтың 41 минутында Карим Бензема есепті еселеген. Бірақ Бензема ойыннан тыс қалды. Осы шабуылдан кейін біз қос команда тарапынан өткір шабуыл көре алмадық. Барлық қызық екінші турға қарай ауысты. Көз жүгірте отырыңыз! Жолдастық кездесу: Ботсвана – Намибия 0:1 Азия Чемпиондар лигасы: топтық кезең. Әл Саад (Катар) – Пахтакор (Өзбекстан) – 2:1 Ойынның екінші таймы. «Лион» сапынан тың ойыншы Бафетимби Гомис алаңға шықты. Оны алмастырған Бриан. Екінші тайм сылбыр басталды. Тек Рамосты шалып жыққан Сиссиоко сары қағаз алды демесеңіз. Араға 20 минуттан аса уақыт салып, Карим Бензема есепті еселеді. Бұл Каримнің еуромаусымдағы 6 голы. ”Лионның” құдығынан су ішкен, осы клубтың қанатынан шыққан Карим өз командасының қақпасын екінші ойында қатарынан қаңыратты (алашқы ойында да Карим гол соқты “Лионға”). Енді “Лионға” қалайда есепті теңестіру керек. Ойын өз экваторына келгенде Моуриньо алаңға Адебайорды жіберді. Того футболшысы Криштиану Роналдуды ауыстырды. КриРо осыған дейінгі ойындардың бірінде жарақат алғаны естеріңізде болар. “Реал” нағыз футболдың үлгісін көрсетті ойында. Матчтың 76 минутында Ди Мария есепті 3:0 жеткізіп, “Лионның” ширек финалға шығу үмітін сөндірді. “Реал” француз командасының кедергісінен бұл жолы еш қиындықсыз өтті. Осы голдан кейін Бейжің Олимпиадасының чемпионы Ди Мария алаңдағы өз орнын Эстебан Гранероға босатты. Матч тағдыры шешілген соң Моуриньо алаңға жас футболшыларды жіберді. Бенземаның орынан Лассана Диарра шықты. Ойынның соңы сағызша созылып кетті. Соңғы минутта есте қалады-ау деген сәттерді көрмедік. Тарихи сәт. “Реал” “Лионды” ұтты. Ал екінші ойында “Челси” – “Копенгеген” ойыны “бейбіт” түрде аяқталды – 0:0. Матч көрген: Руслан МЕДЕЛБЕК

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров